Бас тақырыпБасты тақырып
Қарағандыда бас шыршаны жағу салтанаты өтеді
Қарағанды қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 желтоқсан күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Сағат 18:30-да облыс әкімдігі жанындағы Тәуелсіздік алаңында қаланың басты шыршасын жағу салтанаты өтеді.

Ал 20:00-де Орталық саябақта мұз айдынының ашылуы және айдындағы шыршаны жағу рәсімі ұйымдастырылады. Мұз айдыны саябақтың батыс бөлігінде орналасқан. Өз конькилерімен келгендерге мұз айдынына кіру тегін. Сондай-ақ аумақта конькиді ақылы түрде жалға алу мүмкіндігі бар.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



