Бас тақырып

Қарағандыда бас шырша қашан жағылады?

21 желтоқсан күні сағат 17.00-де  Қарағандының Тәуелсіздік алаңында қаланың бас шыршасының шамдары жағылады.  Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сурет сайт мұрағатынан

Кешке мерекелік бағдарлама, шыршаның шамдарын жағу және сағат 17.30-да отшашу жоспарланған.

Сондай-ақ, осы күні Қарағанды қаласының орталық саябағының батыс бөлігінде орналасқан мұз айдынының салтанатты ашылуы өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі сағат 18.00-ге жоспарланған. Ал 18.30-да мерекелік концерт басталады.

Өткен жылы Қарағанды үшін жаңа 20 метрлік шырша сатып алынған болатын.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button