Жаңалықтар

Қарағандыда Балаларды қорғау күні атап өтілуде

Бірінші маусымда Қарағандыда жаңартылған балалар темір жолы іске қосылды.

Таңертеңгі сағат 11-де 9 ¾ платформасынан қарағандылық “Хогвартс-экспресс” алғашқы рейсі аттанды.

Балалар мен ересектер келесі бағытты күтуге жиналды.

Поттериананың жанкүйерлері үкі арбасының жанында суретке түсті.

Балалар темір жолын қайта қалыпқа келтіріп, келбетін өзгертуге жарты жылдай уақыт жұмсалды.

– Жұмыс қараша айында басталды. Біріншіден, олар локомотивтен көптеген жылдар бойы бірнеше қабат болып кеткен ескі бояуды қыра бастады. Зауыттан шыққан металына дейін толығымен тазаланды. Әрине, қиындықтар аз болған жоқ. Мәселен жаңа қозғалтқышты табу қиындыққа соқты. Бұл ретте бір таңғажайып болды деп айтуға болады. Петропавлда Т-72 танкінен жаңа қозғалтқыш табылды. Ол біздің пойызға жарайды, – деді Қарағанды қаласының Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы басшысының орынбасары Роман Калачев. – Қарағандылықтардың балалар темір жолына және көптеген ұрпаққа танымал поттерианға деген сүйіспеншілігін біріктіру идеясы ойға келді. Бұл ескі мұраны жаңа түрде сақтауды білдіреді.

Балалар темір жолын жаңарту жобасында машинист бастығы Виктор Луценконың басшылығымен БТЖ қызметкерлері еңбек етті. Саябақтар басқармасының суретшісі Марина Зворыгина безендіруге өзінің қиялын қосқан.

Теміржолда шамамен 100 шпал жаңартылды.

Станцияның қасбеті де өзгерді. Перрон асфальтталған.

Тосынсыйлар әлі аяқталған жоқ. Жақында Хагридтің лашығы салынып аяқталады. Тағы бірнеше жаңа фото аймақ пайда болады. “Хогвартс-экспресс” зообақ станциясында тоқтайды.

Бірнеше жылдардан кейін балаларды теміржол мамандығына оқыту қайта басталды.

Саябақта демеушіліктің арқасында ана мен бала бөлмесі ашылды.

Мұнда жөргек ауыстыруға арналған үстел және баланы тамақтандыратын орын бар.

Орталық саябақта мерекелік концерт өтті, оған қаланың хореографиялық және вокалдық ұжымдары қатысты.

Сондай-ақ, 2006–2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен “Бала барысы” командалық турнирі, тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды.

– Тоғызқұмалақ біздің облыста күн сайын танымал болып келеді. Бұл бүгін ойнауға ниет білдірушілердің қатары қалың болғаннан байқалады. Негізінен 10 жастан 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер болды. Жеңімпаздарды алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапаттадық, – деп атап өтті турнирдің бас төрешісі Нұрхат Қашкеев.

La Dance Complex би студиясы оннан астам вокалдық және би нөмірлерін дайындап,150-ге жуық бала әкелді. Сондай-ақ, ұжым көркемөнер жұмыстарының көрмесін және костюмдер дефилесін ұсынды.

Мемлекеттік қаржыландырудың арқасында биыл біздің тәрбиеленушілеріміздің саны айтарлықтай өсті. Балалардың ықыласы артты. Бізде заманауи, халық билері, балет, шахмат, бейнелеу өнері, вокал бар, – дейді хореограф Яна Когай. – Концертке бақалар, аралар, якуттар, “Ля-ля рулит”, стюардессалар, “Жасыру және іздеу” билерін дайындадық. Біз осындай жарқын іс-шараға қатысуға қуаныштымыз және барлық балаларды мерекемен құттықтаймыз.

Кеншілер мәдениет сарайында “Еркетай” балалар шығармашылығының облыстық фестивалі өтті.

3 жастан 7 жасқа дейінгі 400-ден астам қатысушы мерекеге Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарынан, сондай-ақ Жезқазған, Қарағанды, Сәтбаев, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларынан келді.

Жеңімпаздар мен жеңілгендер болған жоқ, барлық жас әншілер мен бишілер дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарын алды.

Дәл осы уақытта КМС алдындағы алаңда балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы және дәстүрлі арба шеруі өтті.

Бұл жолы ауа-райының қолайсыздығына байланысты қатысушылар аз болды, олардың ішінде “Ана үйі” дағдарыс орталығының қамқорлығындағылар да бар.

Шеруге қатысушыларға арбаны ерекше безендіріп, қызыл кілеммен жүру керек болды.

Мұнда ханзада мен ханшайым, патша мен қуыршақ, ертегі және тіпті рокер болды.

Бірінші орын Айдарбек отбасына бұйырды.

– Біз жеңеміз деп күткен жоқпыз. Бірінші рет қатысып отырмыз, бұрын шеру туралы тек естігенмін. Обпазды өзім ойлап таптым. Менің үш ұлым бар. Кіші ұлым Айбар бүгін қатысушы болды. Ол менің ханзадам. Қаламызда осындай мерекелердің өтетініне қуаныштымын, – деп бөлісті арбалар шеруінің жеңімпазы Зарина. 

Жүлдегерлер дипломдармен, ал қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Барлық балалар сыйлықтар алды.

Балаларға арналған мерекелік іс-шараларды Облыстың мұражайлары да дайындады. Викториналар, квесттер, сурет байқаулары және көрмелер. Мұражай мамандары көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған жобаны таныстырды.

Театрларда кішкентай көрермендерге арналған ойын-сауық бағдарламалары мен ертегі қойылымдары өтті.

Кітапханалар оқырмандар үшін ойын іс-шараларын өткізді.

Қарағанды хайуанаттар бағында сиқыршылар, акробаттар, аниматорлар мен Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік музыканттарының қатысуымен шоу-бағдарлама өтті.

Басқа материалдар

Back to top button