АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда бұрынғы саябақ аумағының болашағы қайта қаралуда

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бүгінгі аппараттық кеңесте қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырған бұрынғы “Fantasy World” ойын-сауық саябағының орнына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Аймақ басшысы осы аумақта тұрғын үй кешенін салу туралы бастамаға тоқталып, жобаны жүзеге асыру үшін компанияға балама жер телімін табуды тапсырды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

– Бұрынғы “Fantasy World” аумағында тұрғын үй кешенін салу жағдайына тоқталғым келеді. Қазір барлығын осы жиі кездесетін аумақтың тағдыры алаңдатып отыр. Қала әкімдігіне компания жобасын іске асыру үшін баламалы учаскені қарастыруды тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, қала үшін маңызды саналатын бұл орынның болашағы қоғамның назарында тұрған мәселе. Тұрғындардың пікірін ескере отырып, облыс басшылығы жергілікті әкімдікпен бірлесіп, бұл аумақты абаттандыру жолдарын қарастырып жатыр. Жекеменшікке тиесілі бұл учаскенің болашақтағы мақсаты – тұрғындарға ашық әрі жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру.

Қазіргі таңда қала әкімдігі жер телімінің меншік иесімен бірлесе отырып, “Fantasy World” орнын сақтап қалу немесе оны көпшілікке пайдалы форматта жаңғырту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Бұл шешім қала тұрғындарының талап-тілектеріне жауап ретінде қабылданып отыр және қала келбетіне нұқсан келтірмей, оны көркейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button