АймақЖаңалықтар
Қарағандыда автокөліктерге қызмет көрсету орталығы өртенді
Кеше Қарағандыдағы көліктерге қызмет көрсету орталығында өрт шығып, салдарынан екі көлік жанып кетті.

– 20 ақпан күні сағат 20:57-де Қарағандыда Ермеков көшесінде орналасқан екі қабатты автосервис ғимаратында өрт шықты. Жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта төбенің ағаш қаптамалары мен ағаш сөрелер, сондай-ақ автокөліктерге қызмет көрсету орталығының ішіндегі “ BMW” және “Daewoo Nexia” көліктері жанып кетті, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Белгілі болғандай, өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам мен 6 техника жұмылдырылып, тілсіз жау 21:41-де ауыздықталған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ