Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда ауыз судың сапасы туралы жалған ақпарат тарап жатыр

«Қарағанды Су» ЖШС қарағандылықтарға мессенджерлерде ауыз судың сапасы туралы жалған ақпарат таралып жатқанын ескертті. Хабарламада тасқын салдарынан ауыз судың ластанғаны айтылады.

tolqyn.kz

«Ішек аурулары жиілеп кетті. Кран суын ішпеңіз. Бұл сумен тістеріңізді де жууға болмайды. Тек кем дегенде 10 минут қайнаған суды ішіңіз», – делінген хабарламада.

«Қарағанды Су» ЖШС бұл ақпараттың жалған екенін айтады.

– Қарағанды қаласын сумен қамту үшін Қ.Сәтбаев каналынан су алынады, одан кейін су бүкіл тазарту кешенінен өтіп, тұтынушыға беріледі. Суды тазартудың барлық кезеңдерінде ауыз судың сапасын бақылау зертханасы бақылайды. Микробиологиялық, паразитологиялық және химиялық көрсеткіштердің ҚР СанПИН No 26 және ҚР ДСМ № 138 гигиеналық стандарттарына сәйкес күнделікті және сағат сайынғы мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні қанағаттанарлықсыз нәтижелер жоқ. Жоғарыдағы хабарламалардағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз тұтынушылардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – дейді «Қарағанды Су» ЖШС мамандары.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button