Қарағандыда ауыл жастарына арналған «Ұлт қазынасы» жобасы басталады
Қарағандыда ауылдық жерлерде өсіп келе жатқан талантты жастардың әлеуетін ашуға бағыттайтын «Ұлт қазынасы» жобасының таныстырылымы өтті.

Жоба аясында 14 пен 35 жас аралығындағы ауыл жастарынан шәкірттер іріктеледі. Ал, шәкірттерге әртүрлі салада шеберлік сабақтарын өткізетін менторлар 25 пен 50 жас аралығындағы кәсіби мамандардан құралған. Атап айтсақ, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, инженерлер, IT–мамандар, аграршылар және креативті индустрия өкілдері тәжірибелерімен бөліседі.
–Жобаның маңызды тұсы – тәлімгерлер мен олардың шәкірттерін анықтау. Мұндай кездесулер кезінде әр тәлімгер кем дегенде үш шәкірт ізбасарларын таңдайды. Оқушылар менторлық мектептің бір бөлігі болады және кәсіби және жеке тұлға ретінде өсудің ерекше мүмкіндігіне ие болады. Мұнда жастар шынайы оқиғаларды естиді, қиындықтар мен жеңістер туралы біледі. Болашағын анықтауға көмектесетін кеңестер алады.
Біздің мақсатымыз – жастарға білім мен тәжірибе берумен шектелмей, өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыру, – дейді Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Айсұлу Ерниязова.
Аяулым СОВЕТ