Қарағандыда «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Жиында партияның Қарағанды облыстық өңірлік филиалының төрағасы Руслан Никонович сөз алып, саяси реформалар аясында атқарылатын жұмыстардың жобасына тоқталды. Отырысты өңірлік филиалдың саяси кеңесінің төрағасы Серғазы Әдекенов жүргізді.

Кеңейтілген отырысқа саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партия белсенділері және партия резервінің мүшелері қатысты. Отырыстың жұмысы заң талаптарына сай жүргізілді. Күн тәртібінде Жаңа Конституция жобасы, саяси реформалар аясындағы алдағы жұмыстар жобасы, партия белсенділерін марапаттау мәселелері қаралды.

Абай аудандық мәслихатының депутаты, «Ержанов» шаруа қожалығының басшысы Алтай Әбішев, партия белсендісі Сәкен Келдибаев, партияның «Әйелдер қанаты» бастауыш ұйымының төрайымы М. Шиллер, Шет аудандық партия ұйымының төрайымы Арайлым Амирова пікір білдірді.

Жиын барысында партияның алдағы саяси басымдықтары, конституциялық реформаларға қатысты ұстанымдары және өңірлердегі ұйымдастырушылық жұмыстар талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Отырыс жайлы ақпараттың кеңейтілген нұсқасын газеттің келесі санынан оқи аласыздар.
Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz



