Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары ұсталды
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Мұрат Түлеубаев пара алды деген күдікпен ұсталған Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасарының ісіне қатысты пікір білдірді.

Аудан әкімінің орынбасары ТКШ мәселелері бойынша жетекшілік еткен. Департамент басшысы әкімнің орынбасарынан бөлек, басқа да лауазымды тұлғаның ұсталғанын атап өтті. Олар кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
– Факт болды. Мен бұл деректі растаймын. Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды. Соңғысы делдал болған. Олар тікелей өз міндеттеріне кіретін функцияларды орындағаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге алған. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру мәліметін таратуға құқығымыз жоқ, – деді Мұрат Түлеубаев.
ortalyq.kz