Бас тақырыпРесми

Қарағандыда «Аталар мектебінің» кезекті семинары өтті

Қарағандыда «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебінің» кезекті семинары болып өтті.

Суреттер: Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болған қазыналы қариялар бас қосқан жиынға өңірге қарасты алпысқа жауық ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.


Семинарда арнайы алғы сөзді алған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.


Берекелі шараға белгілі журналист, этнограф Төрехан Әкімжанұлы арнайы қатысып, қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған рухани шараны ұйымдастырушыларға өзінің алғысын білдірді.

Сондай-ақ, рухани шарада Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Мұхамедғали Ілиясұлы құрметті қонақ болып, дін мен дәстүр бағыты аясында бас қосқан ақсақалдарға өзінің жылы лебізін білдірді.

– Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз, – деп, бір ауыздан қолдау танытты Қарағандылық ақсақалдар алқасы. 

Кеш барысында ақсақалдардың құрметіне берекелі дастархан жайылып, құрметті қонақтарға өкілдік атынан сый-сияпаттар үлестірілді.

Алдағы уақытта, «Аталар мектебі» аясында рухани-тәрбиелік іс шаралар жалғасын таппақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button