Бас тақырып

Қарағандыда Ассамблеяның 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Бүгін Достық үйінде Алғыс айту күніне және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» толуына орай «Адамгершілік – асыл қасиет» облыстық форум өтті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Іс-шара барысында ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты мен «Бірлікпен гүлденген Сарыарқа» атты көрменің тұсаукесері өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей және қала әкімі Мейрам Кожухов қатысты.

– Сіздерді тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтін, бірлігімізді бекемдейтін Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келуінің өзінде тағылымға толы тарихи мән жатыр. Бірлік пен келісімнің символына айналған естелік тақта Достық үйінің құнды жәдігеріне айналары сөзсіз. Залға қойылған көрмеден де қаншама атқарылған қоғамдық жұмыстарды, этномәдени бірлестіктердің жеткен жетістіктерін көре аламыз. Осы көрмені Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қарағанды облысының барлық қала-аудандарына көрсету керек деп ойлаймын. Бұл жұмысты Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ұйымдастыруды тапсырамын, – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ онлайн форматта қосылған өңір тұрғындары жиналды.

Форум аясында ҚХА мүшелері «Қайырымдық керуені» акциясын бастады. Оған облыстың барлық өңірлерінің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қосылды.
Шара соңында қоғамдық келісімді дамытуға белсенді үлес қосқан өңір ҚХА ардагерлері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button