Жаңалықтар

Қарағандыда Ашық есік күні дәрігерлер қатерлі ісікке шалдығу алдындағы сегіз жағдайды анықтаған

25 наурыз күні Қарағандының №3 көпсалалы ауруханасының (облыстық онкологиялық диспансер) қабырғасында және облыстың барлық емханаларында колоректальды обыр мен адам папилломавирусына қарсы күреске арналған «Ашық есік күндері» өтті. Барлығы 129 адам қабылданған.

Осы іс-шараның арқасында онкологиялық ауруларға шалдығу қаупі бар 8 жағдай анықталып, енді толық сауықтырып, емдеп алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды облыстық онкодиспансер мамандары.

– 15 адамда ісік алды белгілер анықталды. Бұл жасушалардың құрылымында белгілі бір өзгерістер (деградация, мутация) арқылы болатын аурулар. Бұл жағдайлар онкологиялық аурулардың алдында жоғары немесе төмен жиілікте болуы мүмкін. Сондықтан сіздерді облысымыздың медициналық мекемелеріне, өз емханаларыңызда, ауруларды уақытылы анықтап, емделуге шақырамыз, – дейді мамандар өңір тұрғындарына.

Бұл іс-шаралар әр түрлі бағыттар бойынша жыл ішінде орта есеппен 8-10 рет өткізіледі және болашақта облыс пен қаланың медициналық мекемелерінің қабырғаларында өткізілетін болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button