Қарағандыда қаржы пирамидасын құрушыға қылмыстық іс қозғалды
Компаниялар “қара касса” әдісімен байыған. Салым сомасы 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейін болған. Инвесторларға “Бір ай ішінде 400%-ға дейін пайда болады” деп уәде еткен.
Алты айдың ішінде екі компания байығысы келетін 3000 адамның басын қосып үлгерген. Алдын ала келтірілген шығын көлемі – 23 млн.
Жәбірленушілердің арыздары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер сот осы екі пирамиданың бас ұйымдастырушысы әйелдің кінәсін растаса, ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
– Тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны 2022 жылдың маусымы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Қарағанды облысының аумағында Telegram мессенджерін пайдалана отырып, өзара көмек қоры ретінде жасырылған 90 жоба бойынша “Рассвет” және “Миллионеры 30 на 90″ жобасын жасағаны анықталды”, – деді Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы Зарина Құсманова.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz



