Қарағандыда арнайы теміржол желісінің тармағы салынады
“Ол магистральды теміржолдан жергілікті «Сарыарқа» әуежайына дейін созылады. Сондай-ақ мұнда көлемі 6000 текше метр болатын жаңа жанармай құю кешені пайда болады” деп хабарлайды Ortalyq.kz https://astanatv.kz/ru/news/154124/ арнасына сілтеме жасап. Бұл жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Жолдауында Сарыарқа даласы арқылы транзиттік жүк тасымалының барлық тарапқа тиімді екенін атап өткен болатын.

Бұл шаралар орталық өңірдің әуе айлағының мүмкіндігін кеңейтіп, оны Қазақстандағы ең ірі мультимодальды хабқа айналдыруға мүмкіндік береді. Мұндай хабта жүк бірнеше көлік түрімен тасымалданады.
Нәтижесінде өңделетін тауар көлемі жылына 15 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін артады. Әуежай аумағында ашық және жабық қоймалар салынбақ.
Руслан Ғаббасов, «Сарыарқа» әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:
– Қарағанды әуежайы бүгінде елімізде коммерциялық жүктерді өңдеу көлемі бойынша екінші орында. Негізінен біз тез бұзылатын жүктерді – гүлдер, азық-түлік өнімдері, тұрмыстық техника, автокөлік бөлшектері мен тау-кен жабдықтарының қозғалтқыштарын қабылдаймыз. Жылдамдық пен сапаны жоғалтпау үшін тағы бір осындай қойма салуды жоспарлап отырмыз.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ