Жаңалықтар

Қарағандыда «Армысың, әз Наурыз!» атты қайырымдылық іс-шарасы өтуде

«Асыл Ана 2020» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Заман» мейрамханасында «Армысың, әз Наурыз!» атты қайырымдылық іс-шарасы өтуде. Оған Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары Дастан Тұрсынов арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Және ұйымдастырушыларға қала әкімі орынбасарының Алғыс хатын табыстады.

Суреттер автордан

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл игі бастама қоғамдағы әлеуметтік осал топ өкілдеріне құрмет көрсетіп, оларға қолдау білдіруді, мейірім мен қамқорлық құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған. Бұл игі істерге демеушілік жасаған – жеке кәсіпкер Әлихан Саттаров. Ол бүгінге дейін аталған қайырымдылық қорымен бірлесіп, көптеген адамдарға көмек көрсетіп келеді.

Мерекелік кешке жалпы саны 120 адам қатысуда. Қонақтар қатарында қарттар үйінің тұрғындары, оңалту орталығының тәрбиеленушілері, №6 мектеп-интернатының мүмкіндігі шектеулі балалары, сондай-ақ алтын құрсақты әжелер бар. Бағдарлама аясында қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
 
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button