Бас тақырыпЖаңалықтар

Саябақта «Қарағанды менің сүйікті қалам» атты «Жайдарман» фестивалі өтті

Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында қала әкімінің кубогі үшін «Қарағанды менің сүйікті қалам» атты «Жайдарман» фестивалі өтті.

Жалынды жастардың басын қосатын «Жайдарман» танымал жоба. Бүгінде жоба өмірдегі, жалпы қоғамдағы құбылыстарды әдемі әзілмен жеткізе білетін жастардың шығармашылық ордасына айналып отыр.

Жайдарман ойындарының тәрбиелік мәні өте зор дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде Жайдарман қатарынан шыққан қарағандылық жастар қоғамда өз орынын тапқан азаматтар.

Жайдарман кешіне Алматы, Астана қалаларынан және Қарқаралы ауданының Бақты ауылы, Шет ауданының Еркіндік, Қызылқой ауылдары, Ағадыр кенті және қаланың өзінен барлығы 14 команда қатысты.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде Қарағанды Білім инновация лицейінің оқушыларынан құралған «Кардеш» командасына бұйырды. 1-орынды Астана қаласынан келген «Элита» командасы алса, 2 орын Қарағанды қаласынан «Болашақ ВИП» командасына бұйырды. Ал, Астана қаласынан келген «Тұран Астана»  командасы 3-орынға жайғасты.

Сайыс бойынша алматылық Нұрдәулет Сейтомаров пен Шет ауданы, Еркіндік ауылының жас ойыншысы Кәусар Қорабаева үздік ойыншылар деп танылды.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button