Бас тақырып

Қарағандыда қант диабеті орталығы ашылды

Қант диабеті ауруы қазіргі таңда әлеуметтік мәселеге айналған. Елімізде күн санап, диабет ауруына шалдығатындар саны көбеюде. Қарағандыда қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету аясында облыстық клиникалық ауруханада диабеттік орталық ашылды. Орталық мамандарынан ем алу үшін емханадан жолдама алып, МӘМС аясында тегін жүгінуге болады.

Сурет: elordainfo.kz

Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру түрі.

Диабеттік табан орталығы ОКА консультативтік-диагностикалық емханасының базасында жұмыс істей бастады. Бөлімшені медицина ғылымдарының докторы Евгений Морозов басқарады. Кешенді тәсіл: пациенттер қан тамырлары хирургының, эндокринологтың, кардиологтың, невропатологтың және хирургтың кеңестері мен ұсыныстарын ала алады.

Егер сізде төмендегідей белгілер байқалса, орталық көмегіне жүгінуіңізге болады:

– аяқ-қол ангиопатиясына күдік;

– аяқта диабеттік табан синдромы (ДТС) бар деген күдік тудыратын өзгерістер;

– ДТС қаупі жоғары науқастарды динамикалық бақылау;

– тамырларға жасалған операциялардан немесе ампутациялардан кейінгі жағдай;

– жаңадан диагноз қойылған қант диабеті;

– жылына кемінде бір рет профилактикалық тексеру.

Орталық С.Сейфуллин даңғылы, 17 мекенжайында орналасқан.

Call-орталықтың телефондары: (8-7212) 94-04-77, +7-778-003-71-47.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button