Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда алты мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр

Қарағанды облысында 412 мектепке дейінгі ұйым болса, олардың басым бөлігі мемлекеттік, ал 106-сы жекеменшік балабақшалар. Бір ғана Қарағандының өзінде кезекте тұрған балалардың саны алты мыңнан асқан.

сурет:informburo.kz

Қарағандыда жаңа тұрғын үй кешендері мен тұтас шағын аудандар пайда болуда, сәйкесінше, оларға инфрақұрылым қажет. Балабақшалардағы жаңа орындарға деген қажеттілік әлі де сақталуда. Қалада биыл алты балабақша салу жоспарлануда, – дейді Қарағанды облысы білім басқармасының мектепке дейінгі білім және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлдана Нұрсұлтан.

Бөлім балабақша ашуға ниет білдірген барлық кәсіпкерлерді кеңес алуға шақырады. Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айында жарияланған SabiDamu виртуалды платформасы жақын арада облыста жұмысын бастайды. Ол 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ата-аналардың виртуалды көмекшісі болмақ.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button