АймақҚарағанды

Қарағандыда қалалық автобустар жаңа жылдық кейіпке енді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында №3 автопаркте жеті автобус ерекше безендірілді. Мерекелік нақыштағы қоғамдық көліктер №5, 19, 40, 43 және 118э бағыттарында қатынайды.

Сурет №3 автопарктен

№3 автопарктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлікті жаңа жылға қарай сәндеу игі дәстүр. Биыл автобустардың бортында қар адамдары, шыршалар мен сыйлықтар бейнеленген мультфильмдік суреттер, сондай-ақ «2026» жазуы орналастырылды. Қазіргі таңда сәнді маршруттар желіге толықтай енгізілді.

Осы орайда автобус паркі қызметкерлері жолаушылардан қоғамдық көлікте тазалық сақтауды, жол ақысын уақытылы төлеуді, сондай-ақ қарттар мен кішкентай балалары бар жандарға орын беруді ұмытпауды сұрайды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button