Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда алғаш рет мектеп оқушыларының спартакидасы басталды

Додаға өңірдің алты қаласы мен жеті ауданынан екі мыңнан астам жас спортшы қатысуда. Олар 13 спорт түрі бойынша өзара бақ сынап, 450 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Суреттерді түсірген автор

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін бұқаралық спортқа барынша қолдау көрсетуде. Ал, осы бір спартакиада соның бір айғағы. Аталған іс-шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Дулат Жекебаев арнайы қатысты.

–Жоғарғы жетістіктер – мектеп ауласынан, аула спорынан басталады. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты насихаттау қажеттігін баса айтқан болатын. Осы мақсатта өңір басшысы осындай игі бастамаларының өтуіне мұрындық болып отыр. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Мұндай ауқымды спартакиада өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта дәстүрге айналады деген сенімдемін, – деді Серік Жұманғалиұлы.

Спартакиада аясындағы турнирлер кешеден басталған. Ертең жарыстың соңғы күні деп жоспарлануда. Айта кетейік, қала мен ауданнан келген құрамалар арасындағы командалық есепте ақшалай сыйлықтар қарастырылған.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button