Бүгін «Amanat» партиясы ғимаратында ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық шығармашылық «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» атты байқаудың қорытынды кезеңі өтті.

Ауқымды шараға Қарағанды облысының барлық аймақтарынан шамамен 2000 оқушы мен студент қатысып, 1880 мұғалім қатысушыларды даярлауға белсене атсалысты. Іріктеу кезеңі нәтижесінде 57 ең үздік қатысушы анықталып, ақтық кезеңде арасынан 15 жеңімпаз таңдалды.

Байқау барысында қатысушылар Абайдың терең ойларын, өлеңдері мен қара сөздерін орындауда өз шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасы орындаушылық қабілетті, көркемдік мәнерді және шығарманың мазмұнын терең ұғыну деңгейін бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:
«Көркемсөз шебері» номинациясы (5–8 сыныптар):
• 1 орын — Алуа Анарбаева, Қарағанды қаласы, Ж.Тәшенов атындағы мектеп, 8-сынып
• 2 орын — Сабина Мұқаш, Қарағанды қаласы, №66 мектеп-лицей, 5-сынып
• 3 орын — Адина Марат, Қарағанды қаласы, №65 мектеп, 5-сынып
«Көркемсөз шебері» номинациясы (9–11 сыныптар):
• 1 орын — Нұрасем Серік, Шет ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп, 10-сынып
• 2 орын — Сара Алғамжанова, Балқаш қаласы, №2 мектеп-лицей, 9-сынып
• 3 орын — Аяжан Тілеш, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы, №20 мектеп, 9-сынып

«Даналық үні — сөз» номинациясы (9–11 сыныптар):
• 1 орын — Ақгүл Абдығалиқызы, Қарағанды қаласы, №4 мектеп, 10-сынып
• 2 орын — Әдемі Юсуп, Қарағанды қаласы, №66 мектеп-лицей, 10-сынып
• 3 орын — Абдулла Қошықов, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, 4-курс

«Абай әлемі — қылқалам тілімен» номинациясы:
• 1 орын — Лаура Талашова, Саран қаласы, №1 мектеп-лицей, 11-сынып
• 2 орын — Наргиз Маубаева, Қарағанды қаласы, №10 мектеп, 11-сынып
• 3 орын — Анастасия Семёнова, Осакаров ауданы, Молодёжный ауылы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп, 11-сынып
«Ақыл, қайрат, жүрек — бүгінгі жастарға бағдар» (эссе):
• 1 орын — Әлфина Таубалды, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, филология факультеті
• 2 орын — Рабиға Асқанова, Б.Бейсенов атындағы академия, кәсіби дайындық факультеті, 3-курс
• 3 орын — Арина Сосновская, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университеті, 4-курс
Барлық жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен, дипломдармен, Алғыс хаттармен, ал, қатысушылар ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



