АймақЖаңалықтар
Қарағандыда Абай көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылды
Қарағандыда Абай көшесінің тағы бір бөлігі жолдың орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды.

— Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары! Абай көшесіндегі тас жолды орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 17 маусым күні сағат 20:00-ден бастап, Абай — Ерубаев көшелерінің қиылысындағы Алалыкина көшесіне дейінгі жолдар бөлігі жабылды. N7 бағыттағы автобустың қозғалысы сызба бойынша жүзеге асырылады, — деп хабарлады Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Әкімдік уақытша қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұрайды, сондай-ақ жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлауды ұсынады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.



