Жаңалықтар

Қарағанды мектептеріне жарылғыш зат қойылғаны рас па?

Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бір қатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түскен, деп хабарлайды Оrtalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 11.00-ден бастап Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бірқатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түсе бастаған. Жарылғыш зат туралы хабарламалар мектептердің электрондық поштасына келген. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен мектептерге барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Алайда, мектептерді тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған.  

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен хабарламаны жіберген адамды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. 

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 14,5 млн теңге), сондай-ақ бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Басқа материалдар

Back to top button