Қарағандыда 938 бала “Мектепке жол” акциясы аясында көмек алды
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында Қарағанды облысы 938 баланы мектепке дайындады.

Игі шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен аймаққа қарасты мешіттердің жұмыла бірігуімен және демеуші жандардың қолдауы арқасында жүзеге асты.
Атап айтқанда, оқушыларға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары және киім-кешек пен аяқ киімдер табыс етілді. Қайырымдылық шарасы барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады.
– Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Биылда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында облыс бойынша мыңға жуық көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына көмек берілді. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз ,- деп, өз алғысын білдіре келе бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып отырған қолдау екенін атап өтті.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА