Жаңалықтар

Қарағандыда 7 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар қауіпті дерттен қайтыс болған азаматтың туыстары және жақын байланыста болған азаматтар. Қазіргі таңда науқастар оқшауланып, тиісті емдеу курсын алып жатыр.

“Індет жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған азаматтарды анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байланыста болғандар анықталып, оқшаулануда. Бүгінде аймақта 1440 адам үй карантиніне алынды. Сондай-ақ, 908 адамның денсаулығын дәрігерлер тәулік бойына бақылауда ұстап отыр”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Басқа материалдар

Back to top button