Қарағандыда 400-ден астам сарбаз ант қабылдады
Қарағандыдағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде әскерге шақырылғандар ант қабылдады. Еліміздің он облысынан келген 400-ден астам сарбаз бір ай бойы жас жауынгерлер дайындығынан өтіп, әскери дағдыларды меңгерген. Енді олар 6505 әскери бөлімінде бір жыл қызмет етуі керек. Сарбаздардың негізгі міндеті – Қарағанды, Ақмола облыстары мен Ұлытаудағы түзеу мекемелерін күзету.

Дәстүр бойынша салтанатты ант қабылдау рәсіміне сарбаздардың ата-аналары мен бөлімшенің ардагерлері келді.
– Мен үшін әскер – есейуге жасалған үлкен қадам. Өйткені әскерге келгенде өзімді ер адамдай сезіндім. Жас сарбаздармен жұмыс істеген әскери қызметшілерге, жас сарбаздарды тәрбиелеген офицерлер мен полковниктерге алғысымды білдіргім келеді.- дейді сарбаз Рамазан Арижанов.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.