Жаңалықтар
Қарағандыда №33 автобустың жүру бағыты өзгерді
3 қарашадан бастап №33 автобус жаңартылған бағыт бойынша қатынайды. Енді маршрут «Әсем қала» және «Династия» тұрғын үй кешендері арқылы өтетін болады.

Бұл Мұқанов көшесі бойынша (Тәттімбет көшесінен бастап – ЖК «Династия» дейін) жаңа жол учаскесінің пайдалануға берілгеніне байланысты жүзеге асты.Жаңа учаскеге жол белгілері орнатылды. Келешекте аялдамаларға павильондар орнату жоспарлануда.
Маршруттың соңғы аялдамасы «Магнум»-нан « Династия»-ға ауыстырылғандықтан, маршрут енді «СҮ Магнум», «Тәттімбет көшесі» және «Гаражи 2» аялдамалары арқылы өтпейді.
Маршрут кестесі өзгеріссіз қалады:
• Бірінші рейс – 06:20
• ЖБИ жақтан соңғы рейс – 20:20
• ЖК «Династия» жағынан соңғы рейс – 21:10



