Жаңалықтар
Қарағандыда 31 адамды алдаған алаяқ құрықталды
Қарағандыда төмен пайызбен несие әперем деп 31 адамды алдаған алаяқ ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, 46 жастағы қала тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен несие алуға көмектесемін деп 53 жастағы қарағандылық азаматтан 300 мың теңге алған.

Арада 8 ай өткенде өзін алаяқтың құрбаны болғанын түсінген азамат полицияға хабарласып, жазысқан хаттары мен ақша аударғаны жайлы түбіртекті, тағы да басқа дәлелдерін ұсынған. Алаяқтық бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында “іскер” әйел ұсталып, тергеу нәтижесінде оның осыған ұқсас 31 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 15 миллион теңгені құраған. Тергеу амалдары жалғасуда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.