Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда 3 830 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілген

“Қарағандыда газдандыру жалғасын тауып жатыр. Бүгін газдандырудың бірінші кезегінің бесінші іске қосу кешені пайдалануға берілді. Көгілдір отын Бұқар жырау, Ғарышкерлер, Дүйсембеков көшелері және ХМК ауданындағы жеке үйлерге жеткізілді. Бұл шамамен 2,5 мың үй. Бүгінде қала бойынша барлығы 3830 үй газға қосылған” деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

– Газдандыру Федоровкада да белсенді жүріп жатыр. Онда біз тағы 1900 үйді газбен қамтамасыз ететін төртінші іске қосу кешенін салып жатырмыз. Келесі жылы Таугүл және Күнгей шағын аудандарына арналған алтыншы іске қосу кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл ауданда 3 мыңнан астам үй көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Бұған қоса, басқа да жұмыстар атқарылуда. Мұқанов көшесінде жаңа жол салынуда. Бұл бағыт Оңтүстік-Шығысты Майқұдықпен байланыстыратын үлкен жобаның бір бөлігі. Бірінші учаскенің 800 метрі дайын. Мұнда жүргіншілер жолы, веложолдар, ағаштар отырғызылды. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін жақын арада 33-ші автобусты іске қосамыз. Жалпы Қарағанды бойынша биыл 72 шақырым жол жөнделді, – деді аймақ басшысы. 

Бүгінде Язев көшесінде тұрғындардың өтініші бойынша серуендеуге және демалуға ыңғайлы жаңа гүлзар абаттандырылған.

– Федоровкадағы жаңа мектептің құрылысымен таныстым. Мұнда ескі апатты ғимарат бұзылып, 300 орындық заманауи білім ордасы бой көтеруде, – деп жазды Ермағанбет Қабдулаұлы. 

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button