АймақБас тақырып

Қарағандыда №29 автобус бағыты жаңартылуда

Қарағандыда №29 автобус бағытындағы қоғамдық көліктер жаңартылуда. Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға байланысты бұл бағыт ерекше бақылауға алынды.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Өңір басшысы автопарктерді аралау барысында аталған маршруттағы жағдаймен танысып, тасымалдаушы компанияға қызмет сапасын арттыруды тапсырды. Соның нәтижесінде қысқа мерзім ішінде №29 автобус бағытында жаңа автобустар сатып алынып, бағытқа шығарылды.

 

 

Алдағы уақытта автопаркті кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Тасымалдаушы мекеме жақын күндері шағын сыйымдылықтағы автобустардың тағы бір партиясын қабылдамақ. Биыл жолаушы тасымалдаушылар 90-нан астам жаңа автобус сатып алуды көздеп отыр. 

Аяулым СОВЕТ 
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button