Коронавирус
Қарағандыда 28 жастағы әйел коронавирустан жазылды
Бүгін Қарағанды облысында 1 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
“28 жастағы әйел індет жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. Ол 27 наурыз күні ауруханаға жатқызылды. Емдеу курсынан толық өтіп, сырқатынан айықты. Екі мәрте алынған ПТР тест нәтижесі науқастың вирустан айыққанын көрсетті. Ол 14 күнге үй карантиніне жіберілді”, – делінген хабарламада.