Жаңалықтар

Қарағандыда 24 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Қарағандыда 24 жастағы жігіт өзіне қол жұмсады. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адам асфиксиядан (тұншығу) қайтыс болған деген қорытынды жасады.

 

Қайғылы оқиға Қарағанды қаласының Пришахтинск шағынауданында болған.

Жігіт қаладағы кәсіпорындардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген.

Таныстарының айтуынша, ол жалақысы аз болғандықтан несиесін жаба алмай жүргенін айтқан.

Жігітті туыстары есік тұтқасына байланған жіпке асылып тұрған жерінен тауып, жедел жәрдем шақырған. Алайда, оқиға орнына дәрігерлер келгенше жігіт қайтыс болған.

– Бригада қоңырау түскеннен кейін 5 минутта барды. Өлімнің себебі – суицид, – деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

– Бұл факт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button