Сайлау күні Қарағандының қоғамдық көліктері тегін жүреді

Қарағандыда 20 қараша сайлау күні қалалық және қала маңындағы автобустарда жол жүру тегін болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық көлік жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді.

Ал, 21 қарашадан бастап штаттық режимге ауысады.