Аймақ
Қарағандыда 2 жастағы қыздың мұрны құрттап кеткен
Қарағандыда жедел медициналық көмек бригадасы аурухананың қабылдау бөліміне мұрны қанаған және ішінде бөгде зат болуы мүмкін деген шағыммен 2 жастағы қыз баланы алып келген.
Мұрынның риноскопиясын жүргізген кезде, дәрігер баланың мұрнының оң жағында тірі жәндіктердің бар екенін байқаған. Нәтижесінде қыз баланың мұрнынан тірі 10 құрт алынды.
Анасы баласының мұндай жағдайға қалай ұшырағанын білмейді. Тек, әжесі 3-4 күн бұрын немересінің мұрнынан жағымсыз иісті байқаған. Ересектер баланың мұрнынан қан кеткеннен кейін ғана медициналық көмекке жүгінген.
Ақпараттың бейне нұсқасын Instagram парақшамыздан көрулеріңізге болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz