Жаңалықтар

Қарағандыда 2 қабатты үйден өрт шықты

5 қаңтар күні қаладағы Мельничная көшесіндегі 2 қабатты тұрғын емес үйде өрт шықты. Өртті ауыздықтағаннан кейін аталмыш үйден ер адамның денесі табылды. Қазір оның жеке басы анықталуда.


Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2 қабатты жұмыс істемейтін ғимараттың 2-ші қабатынан өрт шыққан. Жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын ағаш терезе блоктары мен басқа да заттар зардап шекті.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button