Жаңалықтар
Қарағандыда 18 жастағы алаяқ ұсталды
Қарағанды қалалық полиция басқармасының орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеу барысында қылмыскер 83 жастағы қала тұрғынына телефон соғып, өзін дәрігермін деп таныстырып, жол-көлік оқиғасына қызының кінәлі екенін айтқаны анықталды. Жәбірленушілерге тез арада өтемақы төлеу керек деген желеумен ол алаяқтық жолмен 1 миллион теңге көлемінде ақша алған. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер азаматтарды қырағы болуға, түрлі сылтаулармен ақша талап ететін белгісіз біреулерге сенбеуге шақырады. Мұндай қоңыраулар болған жағдайда дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласу керек.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.