Жаңалықтар

Қарағандыда 170 дана электронды темекі тәркіленді

Қарағанды қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында электронды темекілердің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

12 желтоқсанда Қарағанды қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Назарбаев көшесінде Hyundai маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көлік салонынан заңсыз айналымда болған 170 дана электронды темекі (вейп) анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және оған қатысы бар тұлғаларды белгілеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Полиция департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес никотинсіз темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді әкелуге, өндіруге, сақтауға және өткізуге тыйым салынғанын қатаң ескертеді. Бұл талаптарды бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button