АймақЖаңалықтар
Қарағандыда 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты
Қарағанды облысының ПД хабарлауынша, 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі қатты жылдамдықтан тоқтай алмай, бағдаршам бағанасына соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмып, оның жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

– Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қарағанды облысының полиция департаменті мотоцикл жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көктем мезгілінің келуімен жолдарда мотоцикл жүргізушілерінің саны артып келеді, бұл ерекше сақтық пен жылдамдықты қатаң сақтауды талап етеді. Жылдамдықты арттыру және жол қозғалысы ережелерін бұзу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін,-дейді ПД баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.