Жаңалықтар
Қарағандыда 17 мыңнан астам контрабандалық темекі тәркіленді
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен контрабандалық темекі өнімдерінің заңсыз айналымының кезекті фактісін анықтаған.
– 16 маусымда күні аймақ базарларының аумағында әртүрлі маркалы темекі түріндегі өнімдерді сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) сату фактілері расталды. АҚШ, Қырғызстан және Ресей өндірісінен алынған контрафактілік өнімнің жалпы саны 17 мыңнан астам қорабын құрады. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралады. Ал темекі өнімдері тәркіленіп, жойылады, – дейді Мемлекеттік кірістер департаменті.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz



