Аймақ

Қарағандыда 16 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

1 тамыз күні Қазақстан бойынша балаларды бірінші сыныпқа қабылдау аяқталды.

Қарағанды облысында 17 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бірінші сыныпқа 16 403 бала қабылданды. Бірінші сынып оқушыларының 53%-ы (7772 адам) мемлекеттік тілде оқуға өтініш білдірген.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша барлығы 400 мыңға жуық өтініш берілген. Бірінші сынып оқушыларының көпшілігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдаудың пайызы жоғары өңірлер Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6 %), Маңғыстау (86,2 %), Жамбыл (80,4 %) облыстары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button