Жаңалықтар

Қарағандыда 16 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус індетін жұқтырған 16 адам анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Індет коронавирустан қайтыс болған азаматтың туыстарынан және жақын байланыста болған азаматтардан анықталуда. Қазіргі таңда инфекция табылған науқастардың барлығы эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып оқшауланды және емдеу курсын алуда. Үш науқас ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тағы үш адамның денсаулығы орташа ауыр деп бағалануда”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 сәуір сағат 14:40-тағы жағдай бойынша Қарағанды облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 48 адамға жетті. Сондай-ақ, 1346 адам үй карантиніне алынған. Тағы 862 науқастың денсаулығын  дәрігерлер тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. 

Басқа материалдар

Back to top button