Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда 158 гектар аумақты қамтитын жаңа эко саябақ салынады

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Қарағандыда тұрғындардың отбасымен демалуына арналған заманауи қоғамдық кеңістіктер саны арта түспек. Көгілдір тоғандар аумағында жалпы көлемі 158 гектарды құрайтын жаңа эко саябақ салу жоспарланып отыр.

Суреттер облыс әкімдігінен

Жаңа эко саябақ барлық жастағы тұрғындарға арналған қолжетімді әрі инклюзивті кеңістік ретінде жобаланған. Тұжырымдаманың негізгі өзегін төрт жасанды көлден тұратын каскад құрайды. Су айдындарының айналасында бірыңғай серуендеу инфрақұрылымы қалыптасады.

Жобада жаяу жүргіншілер жолдары, су маңындағы ағаш төсемдер, демалыс аймақтары бар жағалау аллеясы, велосипед пен жүгіруге арналған бағыттар, спорт алаңдары және командалық ойындарға арналған кеңістіктер қарастырылған. Балалар үшін табиғи материалдардан жасалған экологиялық ойын алаңдары орнатылады. Көгалдандыру жұмыстары өңірдің климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізіледі, қолданыстағы жасыл желек барынша сақталады.

Қала әкімі Мейрам Кожуховтың мәліметінше, құрылыс жұмыстары көктем мезгілінде басталады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button