Жаңалықтар

Қарағандыда 15 000 литр жанармай заңсыз сатылған

Қарағанды облысында заңды тіркеусіз бизнес жүргізген 3 жанармай құю станциясы анықталды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі:

– Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласының аумағында және Қарағанды-Екатеринбург тас жолының бойында мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеусіз жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы 3 жанар-жағармай құю станциялары желісін анықтады. Заңсыз айналымдағы өндірілген жері белгісіз мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 15 000 литрді құрайды. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралатын болады, – деп мәлімдеді.

Басқа материалдар

Back to top button