Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда 100 балаға қуаныш сыйлады

Қарағандыда «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдігі ерекше игі іс атқарды. Қор қызметкерлері облыстық QH оңалту орталығында ем алып жатқан 100 бүлдіршінге сыйлықтарға толы шаттық сыйлады. Бұл нейроортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме екенін атап өткен жөн.

Сурет ihsan.kz

Іс-шара барысында балаларға тәттілер, жеміс-жидектер және ойыншықтар таратылып, орталыққа келген ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.

Қордың облыстық өкілі Асылхан Рахымжанұлы балаларға сауығып кетуін тілеп, олардың жүздеріне күлкі ұялатты.

Орталық қызметкерлері мен ата-аналар дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, мұндай шаралардың балаларға рухани қуат пен үміт беретінін атап өтті.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button