АймақБас тақырып

«Қарағанды – Жезқазған»: Автобанның құрылысы басталар күн жақын

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамыту аясында «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» халықаралық көлік дәлізінің «Қарағанды-Жезқазған» бағыты бойынша ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 457 шақырымды құрайтын жол учаскесі қайта жөнделіп, заманауи талаптарға сай автобан салу жоспарланып отыр. Аталған жолдың Топар кентінен бастап Жаңаарқа ауданының шекарасына дейінгі 122 шақырымдық бөлігі Қарағанды облысының аумағына тиесілі. Жалпы ұзындығы 457 шақырымды құрайтын жолды қайта жаңғырту жұмыстарына арналған жобаның құны шамамен 500 млн теңгені құрайды.

Суреттерді түсірген Ербол Ерболат

Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен «Қарағанды-Жезқазған» реконструкциялау жобасын Халықаралық қайта құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру мақұлданды. Банктердің тиісті келісімдері алынғаннан кейін қаржылық ұсыныстар ашылып, конкурс қорытындылары шығарылады. Кейін келісімшартқа қол қойылады. Конкурстық рәсімдер жобалау, құрылыс және пайдалану тетігі бойынша жүргізілуде. Осыған сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы мердігер ұйым әзірлеп, кейіннен нысанның құрылысын жүзеге асырып, пайдалануға береді.

Автомобиль жолының құрылысы бөлек жер төсемімен қарастырылған. Қолданыстағы автомобиль жолының жанынан жаңа екі жолақты автомобиль жолын салу жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде қозғалыс қолданыстағы автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады. Аталған учаскеде шамамен 8,5 млн м³-тан астам жер төсемін салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, алты көпір, 11 жол көпірі, 135 су өткізу құбырлары салынбақ. Үш демалыс алаңы, жеті автобус аялдамасы мен үш Санитарлық-гигиеналық торап салынбақ. 18 электр беру желілері қайта жаңартылады.

Жобаны іске асыру автомобиль жолының өткізу қабілетін арттыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button