Қарағанды карьерлік орталығы Tanda.enbek.kz порталында 30 мамыр күні бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.
Жұмыс іздеушілер үйден шықпай-ақ түйіндемені толтыруға және жұмыс берушімен тікелей байланыс орната алады. Сондай-ақ, онлайн чат арқылы жұмыс берушіге сол мезет сұрақ қоя аласыз. Сұхбатқа шақырту алуға немесе тура сол сәт бейнесұхбаттан өтуге болады.
Қазірдің өзінде сайтта әртүрлі саладағы 180-тен астам бос жұмыс орыны бар.
Онлайн жәрмеңке 11:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА