Жаңалықтар
Қарағанды жастары еңбек ардагерінің ауласын тазалады
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығымен Kind QJ еріктілері «Ардағым ардагерім» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагері Сорока Елена Васильевнаның ауласын тазартып, сенбілік ұйымдастырды. Жастар өз еңбегі арқылы еңбек ардагеріне деген алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығының үлгісін көрсетіп қайтты.