Бас тақырыпБасты тақырып

«Қарағанды Жарық» жарық өшетінін ескертеді

«Қарағанды Жарық» ЖШС-нің хабарлауынша, 2025 жылғы 25-27 тамыз күндері қала мен өңірдің бірнеше аймағында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясы уақытша ажыратылады.

Сурет https://azattyq-ruhy.kz/

25 тамызда – Оңтүстік-шығыс аймағында (08:30–20:00), Ә.Бөкейхан және Қазыбек би аудандарында (10:00–17:00).

26 тамызда – Оңтүстік-шығыс аймағында (09:00–18:00), Ә.Бөкейхан және Қазыбек би аудандарында (10:00–17:00).

27 тамызда – Оңтүстік-шығыс аймағында (09:00–18:00), Ә.Бөкейхан және Қазыбек би аудандарында (10:00–17:00).

Сонымен қатар, Саран қаласы, Ботақара кенті және Доскей ауылының тұрғындарына да жарықтың уақытша ажыратылатыны ескертіледі.

Аталған жұмыстар электр желілерін жаңарту және техникалық қызмет көрсету мақсатында жүргізілуде.

Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button