Қарағанды құю-машина жасау зауытының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қарағанды құю-машина жасау зауытының ұжымы 15 наурызда өтетін референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын қолдайтынын атап өтті. Зауыт директоры Андрей Сафонов бұл орайда әр азаматтың белсенді азаматтық ұстаным танытуы маңызды екенін тілге тиек етті.

– Референдум – ел болашағына үлес қосу, тұрақтылық пен прогресті қолдау мүмкіндігі. Зауыттағы әр ауысым мен әр цех кәсіпорынның тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуде маңызды рөл атқарады. Сол сияқты әрбір азамат та ел болашағына өз үлесін қосады. Ортақ мақсатқа жету – бірлік пен жауапкершіліктің нәтижесі. Біз қуатты және әділ мемлекет заң үстемдігіне, ашықтыққа, әр адамның құқықтарын құрметтеуге және қоғам мүддесінің теңгеріміне сүйенуі тиіс деп есептейміз. Бұл қағидаттар елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық сенімді нығайтудың негізі болып табылады. Жаңа Конституция аталған принциптерді күшейтуге, әділеттілікті қамтамасыз етуге және еліміздің тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған, – деп атап өтті Андрей Сафонов.
Сондай-ақ, зауыт қызметкері Орынбасар Бекболатұлы 8 жылдан бері еңбек ететінін атап өтті. Оның айтуынша, ел экономикасына үлес қосу үшін өндіріс тоқтамай жұмыс істейді.
– Мемлекет еңбек құқығына, әлеуметтік қауіпсіздікке және лайықты жұмыс жағдайына заң жүзінде кепілдік береді. Сондықтан, референдумға қатысу мен үшін үлкен жауапкершілік. Әр дауысымыз ел болашағына әсер етеді. Жаңа реформа өмір сапасын жақсартуға бағытталған, – деді Орынбасар Бекболатұлы.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



