Аймақ

Қарағанды университетінің өзінің жерасты жылыжайы болады

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультеті аумағында жерасты жылыжайының құрылысы жүргізілуде. Бұл үшін университет басшылығы 200 млн. теңгеден астам қаражат бөлген.

 

Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталды. Бұл жерде студенттер оқитын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін екі бөлім болады. Одан бөлек, көшет өсіретін және тәлімбақ жасайтын арнайы бөлім де бар. Құрылыс жұмыстары қыркүйекте аяқталады.

– Көптен бері жылыжай салғымыз келген. Жер үстінде арнайы бөлме салуды ойладық. Бірақ, оны ұстап тұру өте қымбат және күрделі болатынын түсіндік. Себебі, аймақтың жазы – ыстық, қысы – суық. Осыны ескере келе жерасты жылыжайын салуды жөн көрдік. Әрі мұндай жылыжайдың технологиясы да бар екен. Солтүстік Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Үш жыл бұрын Сәтбаевта жергілікті кәсіпкер термос-жылыжайын салды. Біздің ғалымдар оған қыста барып, жылыжайдың жағдайымен танысып қайтты, – дейді биология-география факультетінің деканы Серікболат Талжанов.

 

Айта кету керек, аталған оқу орнының ғалымдары осыдан 15 жыл бұрын университет аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін жылыжай салуды жоспарлаған болатын. Алайда, жоспар түрлі себептермен кейінге созыла берді. Орайлы сәті биыл түсті.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button